Оқиға • 23 Қараша, 2021

Гвардейск гарнизонында офицер өзіне қол салды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гвардейск гарнизонында офицер өзіне қол салды

Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады.

«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.