Оқиға • 23 Қараша, 2021

Елордада пәтер тонаған күдікті ұсталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада полиция жедел іздестіру іс-шаралары барысында пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен 42 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада пәтер тонаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті тұрғындардың ізін ала подъездге кіріп, пәтерлердің есігін тартып көре бастаған. Сөйтіп, құлыптанбаған пәтерлердің біріне кіріп, кіре берісте тұрған құны 400 мың теңге болатын «Ксиоми» маркалы ұялы телефон мен рюкзакты алып кеткен.

«Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде», деп атап өтеді ведомстводан.

Сонымен қатар Полиция департаменті елорда тұрғындарына сақ болуды және құнды заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.