Үкімет • 23 Қараша, 2021

«Әлеуметтік желі сатушыларының» реестрін құру қажет – Абылай Мырзахметов

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, сауда жасаушылардың реестрін құру қажет. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында осындай ұсыныс көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік желі сатушыларының» реестрін құру қажет – Абылай Мырзахметов

«Пандемия электронды сауданы дамытудың драйверіне айналды. Мәселе алдау шараларының әлеуметтік желілерде дамығандығында – аккаунтты тегін ашу, анонимділік, қандай да бір тіркеудің болмауы, субъектінің орналасқан жерін белгілеудің мүмкін еместігі және осыған байланысты экономиканың осы бір көлеңкелі түрін төмендетуге қатысты әлеуметтік желілерде сатушылардың тізімін енгізу түрінде құқықтық шаралар қабылдау қажет деп санаймыз. Тұтынушы сатушының eGov-тағы реестрі арқылы, оның кім екенін репутациясы қандай екенін көре алады. Бұл да тұтынушының құқығын қорғауға көмектеседі ден сенеміз», деді палатаның басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, әлеуметтік желі арқылы сатылған тауарды қайтарып беру, олардың сапасы туралы мәселелер заңда нақтылануы керек.

«Заң жүзінде онлайн платформалар мен интернет-дүкендердің тұтынушыларына қатысты құқықтарды қорғау жан-жақты реттелген. Алайда әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын реттеу мен қорғауда үлкен алшақтық бар. Тұтынушылар интернет арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тауарларды төлеу кезінде алдауға жиі тап болады.

Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын пәрменді қорғау үшін азаматтық қоғам мемлекеттік порталдарда, әлеуметтік желілерде сатушыларды ерікті тіркеуді енгізуді ұсынып жүр. Сатушы өзінің сәйкестендіру нөмірін әлеуметтік желі бетінде көрсетуі керек. Оны сатып алушы белгілі бір мемлекеттік порталда тексере алуы шарт», деді Абылай Мырзахметов.