Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Ақмола облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың кезекті фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

«Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстың екі тұрғынын заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін ұстады», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Ведомствода хабарлағандай, Н. Қабдушев пен А. Слабковский облыстың әртүрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, «Покер Техас холдем» заңсыз құмар ойындарын өткізген. Барлық алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған. Қаскүнемдер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қаржы мониторингі агенттігі ойын бизнесі үшін үй-жайларды жалға алу үшін ортақ жауапкершілік туралы еске салады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін де, құмар ойындарға орын бергені үшін де 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деп толықтырды департамент.