28 Ақпан, 2014

Біз – қазақстандықтармыз!

647 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Бұл сөзді барша этнос өкілдері мақтанышпен айтады

SAMSUNG DIGITAL CAMERA

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ МирзоевФотоЕгемен еліміздің тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп келе жатқаны Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Елбасы ХХІ ғасырдағы Қазақстанды талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бас­тап құрған елі дейді. Бұл – шын мәнінде бәріміздің мақтан тұтатын ортақ жемісіміз. Қазақстан бүгінде 100-ден аса этнос пен 14 конфессия өкілдерінің туған үйіне айналып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы еліміздегі ауыр жағдайды бастан кешіре отырып, 1992 жылы Елбасының айтқан идеясының негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атты жаңа институт өмірге келді. Содан бері мемлекеттік ұлттық сая­саттың арқаулық қағидаты – қа­зақстандағы барлық этнос­тар мен конфессиялардың тең құқықтарының сақталуы қағидаты ешқа­шанда назардан тыс қалған емес. Біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жаңа қазақстандық пат­рио­тизмді қалыптастыруда өз моде­лімізді жүзеге асырудамыз. Ассамблея идеясын қанымен сіңірген, қиын қыстау тарихи кезеңдерден бірге өткен аға буын үшін келісім мен бірлік өмірлерінің негізі. Ендігі жерде бұл ұғымдардың қасиетін өске­лең ұрпаққа, еліміздің келешек егелеріне түсіндіру, түйсігіне сіңіру – алдымызда тұрған мін­дет. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының ашылып жатқандығы осы ба­ғыт­тағы жұмыстың дұрыстығын көрсетеді. Сонымен қатар, барлық эт­но­мәдени бірлестіктердің жанынан «Аналар кеңесі» құрылып, ұлттың тәрбиесіне баса мән беріліп отыр. Елбасының тапсырмасымен қоғамдық келісім комиссиялары барлық үлкен ұжымдарда, қалалық, аудандық, ауылдық округтерде құрылып, жер­гілікті  азаматтардың жау­ап­кер­­ші­лігін арттыруда. Мемлекет басшысының табиғи тереңдігі мен саяси ал­ғырлығынан туындаған институт ретінде Ассамблея Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға белсенді қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көпұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін көздей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үде­рісіне өз үлестерін қосуда және «Мәңгілік Ел» идеясын жү­зе­ге асыруға айрықша мән беруде. «Мәңгілік Ел» идеясының өмірлік шындыққа айналуы үшін барша қазақстандықтың бойына азаматтық патриоттық сезім ұялатуда Ассамблеяның атқаратын қызметі ұшан-теңіз. 19-ға жаңа толып отырған, әлемге Н.Назарбаевтың қоғамдық келісімі үлгісі ретінде танылған Ассамблеяға игілікті істер, баянды бастамалар тілейміз. Қазақ халқының айналасына жұдырықтай жұмылған Қазақ елінде тұратын барша азамат еліміздің келісті келісімін, жарасымды бірлігін көзінің қара шығындай сақтап, алда тұрған ұлы мақсат – Мәңгілік елге бет алды. Баршамыздың сапарымыз оң болсын. Өзіміз бақытты ғұмыр кешіп отырған Тәуелсіз Еліміздің болашағы жарқын болсын. Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы да мәртебелі жолымыз – «Қазақстан-2050» Стратегиясын бірлесіп жүзеге асырайық. Князь МИРЗОЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан күрдтері «Барбанг»  қауымдастығының төрағасы, академик.   ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰТЫМДЫ ҚҰРАЛЫ Фото с наградой Звезда_хорошееЕлбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында ел бірлігінің басым қағидаттарын сақтай отырып, кемел мемлекетіміздің жаңа даму сатысына өту жолдарын көрсетті. Жедел ғаламдасу дәуірінде адамға қадірлі этностық және діни болмысқа деген ерекше қатынас әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуға ұмтылып отырған мемлекетіміздің тұтастығын сақтаудың заманауи нысаны болып табылады. Ел бірлігін сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы ел Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. 19 жыл тарихы бар Ассамблея елдің саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырды, ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді. Мен үшін Ассамблеяда жұмыс істеу – еліміздің ұлттық сая­сатын қалыптастыруына белсене атсалысу, қоғамдық санаға ықпал ету тетіктерін іске қосу мүмкіндігі. Түптеп келгенде, бүгінде отандас­тарымызды тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу – ең маңызды бағыттарының бірі. Ассамблея кең ауқымды ойлануға, жан-жаққа қарап әрекет етуге, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелейді. Бұл ұйым өз мүшелерін азаматтық қоғам құрылымдарына арқа сүйей отырып, елдегі демократияның қалыптасуына тікелей атсалысуға мүмкіндік береді. Елбасының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан хал­қы Ассамблеясы бүгінде елді бірік­тіруде, этностар арасындағы төзімділік пен келісімді нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады. Бұл мемлекеттік ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып отыр. Мен қазақстандықтарды 1 нау­рыз – Ассамблеяның 19 жылдығы­мен шын жүректен құттықтаймын. Ұзағынан сүйсіндірсін. Рухани бірлік идеясын қалыптастыру және тарату, этностар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау  бағытындағы жұмыстарына сәттілік тілеймін. Сергей ТЕРЕЩЕНКО, Қазақстан Республикасы орыс, славян, казак қауымдастығының төрағасы.   ТАҢДАҒАН ЖОЛЫМЫЗ – ТАҒАТТЫЛЫҚ

Халмурадов Розақұл СатыбалдыұлыКеңес Одағы ыдырап, Қа­зақстан тәуелсіздігін алған кезеңде көптеген саяси сарапшылар елімізде этносаралық қақтығыстар орын алуы мүмкін, ол мемлекеттің қалыптасуына теріс ықпал етеді деп болжаған еді. Алайда, қоғамда демократиялық құндылықтар орнату және азаматтық қоғам құру бағытында батыл іс-қимылға көшкен Қазақстан бейбіт өмір, келісімді қоғам, ынтымақтастық пен бірігу сияқты құндылықтарды алдына негізгі мақсат етіп қойды.

Бұл бағытта Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың басты саяса­ты қо­ғам­дағы барлық этнос­тар­­дың толықтай құқығы мен бос­тандығын сақтай отырып, жер­гілікті, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру болды. Осы мақсатты көздеп, 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Рес­публикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сол жыл­дан бастап, Ассамблея этнос­аралық қатынастар саласында мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы маңызды институт ретінде бағаланып, елімізді мекендейтін барлық этностардың өзара қарым-қаты­насын қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды. Қазақстан халқы Ассам­блея­сының тиімді әрі жемісті іс-әрекетінің арқасында елі­міз­дегі этносаралық және конфес­сияаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім үлгісі сақталды. Ассамблеяның тікелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласы саясаттан тыс, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіліп келеді. Қанатының астына 100-ден астам этностың жиналуы аталған ұйымның «кіші Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталуына себеп болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзінде «Біздің Ассамблеяның тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы» деп айрықша атап өтуі осының айғағы. Конституциялық рефор­ма­лар­дың арқасында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы жаңа консти­туциялық өкілеттілік пен мәрте­беге ие болып, мемлекеттің заң шы­ғару органы – Парламент Мә­жі­лісіне өкілдерінің сайла­нуы Қазақстан қоғамында елі­міз­дің мемлекет пен қоғамды демо­кратия­ландыру жолындағы маңыз­ды қадамы ретінде бағала­нып, әлемдік қоғамдастық тара­пы­нан этносаралық және конфес­сияаралық келісім үлгісі деп мой­ын­далды. Ел дамуының қазіргі жаңа ке­зеңінде стратегиялық бағдар ре­тіндегі қоғамның ортақ құн­ды­лықтары мен қағидаттары жүйе­сіне негізделген «Бір ел – бір тағ­дыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» қағидаттары бойынша дамуды көздеген Ел бірлігі доктринасы қабылданды. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың тәсілі, уақыт талабына сәйкес, халықтың бірігуі қажеттілігін түсінудің негізі. Аталған құжат елдің әрбір азаматын халық үшін аянбай қызмет етуге, Қазақстанның патриоты болуға шақырып, нақты іс-қимыл бағыттарын ұсынады. Алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясының атқа­рар шаруасы, арқалар жүгі мен орындауға тиіс міндеттері жетер­лік. Әлі талай игі істердің бастама­шысы болуға, елді біріктіре, ха­лық­ты жұмылдыра отырып көте­рер салмақты бастамалар жасайтынына кәміл сенімдіміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы әлеуеті зор ұйым ретінде қызметі қарыштап алға баса берсін. Еліміздің абырой-беделін асқақ­татуға, халқымыздың татулығы мен береке-бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтауға Қазақстан халқы Ассамблеясының өзіндік үлесін қоса беретіні күмәнсіз. Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.   ЕЛІМІЗ АМАН, ЕГЕМЕНДІГІМІЗ МӘҢГІ БОЛСЫН Шик Лео БагдановичЕлбасының дүниетаным қағидаттары мен көзқарастары Қазақстанды түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізі болды. Ғасырлар бойғы отарлықтан соң, азаттығын алып, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті арқасы – Сарыарқада Елбасымыз Еуразия жүрегіне Астанамызды салды. Еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білді. Экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени табыстар көпұлтты Қазақстан халқы бірлігінің, әрбір этнос мәдениетінің, тілі мен әдет-ғұрпы қайта өркендеуінің іргетасы болып қаланды. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған ұлттық саясат мүмкін болар қателіктердің алдын алуға негіз болды. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттарын нақты айқындауға мүмкіндік берді. Оның ішінде, әсіресе, қоғамдағы тұрақтылық, азаматтық келісім мен этносаралық татулық мәселелері ерекше назарға алынды. Өңірдегі тоғыз этномәдени бірлестік басшылары облыстық Ақсақалдар кеңесінің қолдауымен республикада алғашқы облыстық Достық үйін ашу жөнінде ұсыныс жасады. Бұл идея облыс халқы арасында кең қолдауға ие болып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан түсіністік тапты. Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйін 1992 жылы еліміздің Президенті, Н.Ә.Назарбаевтың өзі арнайы келіп ашты. Қазіргі уақытта облыста 103 этномәдени бірлестікті бір шаңырақ астына біріктірген тоғыз Достық үйі жұмыс істейді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстанның ел бірлігі доктринасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Даму тұжырымдамасын және Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыру. Облысымызда «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» және «Тәуелсіз Қазақстандағы орыс тілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция­ны өткізу 20 жыл ішіндегі халықаралық ауқымдағы брендтік қоғамдық-саяси оқиғаның куәсі болып табылады. «Алтай – түрік әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумын өткізу дәстүрге айналған. Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен салынған этноауылды «Қазақстанның толеранттылық әнұраны» деп атайды. Барлық қазақстандықтардың келісім мен бейбітшілікте бір-бірімен араласуы – қоғамдық келісімнің ұйытқысы. Облыс тұрғындарының ұлттық бірлікті қамтамасыз етуі экономикалық және саяси тұрғыда еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызды фактор болуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні дамып келе жатқан Қазақстан демократиясы басты институттарының біріне айналды, оған халық достығының, келісімі мен азаматтық бітімінің сақтаушысы болу міндеті жүктелген. Алда да атқарар шаруа мол, сондықтан, еліміздің игілікті идеяларын іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін белсенді қызмет атқаруға шақырамын. Еліміз аман, егемендігіміз мәңгі болсын! Лео ШИК, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.   БІРЛІГІМІЗ БЕРІК, КЕЛІСІМІМІЗ КЕЛІСТІ Салахов Видади Кораевич1991 жылы Қазақстан өз егемендігін жариялап, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен мемлекеттілікті қа­лыптастырудың және дамы­тудың жаңа жолын бастады. Ол кезеңнің қиындығы бұрынғы барша Кеңес өкіметіне қарасты болған республикалар үшін ортақ еді. Дегенмен, Қазақстанның ерекшелігі – көпұлттылығы. Тағдырдың тәлкегімен Қазақстанға жер аударылған ұлыстардың өкілдері арқылы жас мемлекеттің тыныштығын бұзуға әрекет еткендерде бар еді.  Әлеуметтік жағдайдың нашарлауын этносаралық кикілжіңге аудару әбден мүмкін болатын. Дегенмен, Елбасының салмақты да сарабдал саясаты арқасында бұған жол берілмеді. Сонымен қатар, әр этностың өз тарихы, мәдениеті, тілі мен дәстүріне бет бұрғызып, өзін таныта отырып өзгені сыйлауды мақсат тұтқан сая­сат жүргізілді. Бүгінгі таңда, 19 жыл бойы қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын зерделеуші шет мемлекеттердің ғалымдары  бұл институттың әлем тарихында баламасы жоқ екенін мойындап отыр. Қазақстанның қоғамдық келісім үлгісімен танысқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері «бұл үлгіні басқа мемлекетке енгізу үшін алдымен ол жерге қазақтарды көшіріп апару керек», деді. Демек – Қазақстан халқы Ассамблеясы – дана қазақ халқының тарихынан сусындап өскен, ұлтының тәрбиесі мен салт-дәстүрінен нәр алған, елін алға бастаймын деп жауапкершілік көтерген азаматтың ойынан туындаған бірегей идея. Бұл идея өзінің өміршеңдігін 19 жыл ішінде дәлелдеп шықты. Ассамблея этносаралық қарым-қатынасты үйлестіруші ғана орган емес. Бұл еліміздің қоғамдық келісімін сақтауға бағытталған ашық үнқатысу алаңы. Егемен елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің теңдігіне негізделе отырып, Отанымыздың дамуына әр азаматтың үлес қосуына бастамашы болып отырған үйлестіруші. Саяси мүдделерден биік тұрған, елдің бірлігі мен келісімін насихаттаушы. Бүгін Қазақстанда  Ассамблея мүшесі болу  абыройлы іске айналды. Негізінен, Елбасы айтпақшы, елімізде тұрып жатқан 17 миллионнан астам азаматтың барлығы да Ассамблея құрамында. Олай болса, ортақ мерекеміз құтты болсын, Қазақстан халқы! Бірлігіміз берік, келісіміміз келісті болсын! Видади САЛАХОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Этносаралық мәселелер жөніндегі журналист-сарапшылар клубының мүшесі.   ЫНТЫМАҒЫМЫЗ – ЫРЫСЫМЫЗ karimov1995 жылдың басында Елбасы  барлық ұлттық қоғамдық және мәдени орталықтардың басын бір ұйымға біріктіру туралы идеяны ұсынды. Нұрсұлтан Әбішұлы осындай ұйымды құру ісіне өзі бел шешіп кірісті, тікелей араласты. Барша Қазақстан халқының мүддесін бірдей қорғайтын мұндай ұйымды құруды қазақ, орыс, украин, неміс, татар, өзбек, кәріс, чешен, ингуш, қарашай, балқар, дағыстан, күрд, грек, армян, қырғыз, тәжік және басқа да көптеген ұлыс өкілдері тегіс қол­дады. Этностық топтар орта­лықтары жасампаз идеяны іске асыруға өз үлестерін қосты. Осы­лайша 1 наурызда ынтымақ пен татулықтың, тұрақтылықтың берік бағанасына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді. Мен  сол құрылған күнінен бастап Ассамблеяның мүшесімін, ұзақ жылдар Ассамблея Кеңесінде жұмыс жасадым. Біз Ассамблея сессияларында, кеңестерінде ұлттық бірлік пен тұрақтылық тақырыптарын талқылап, ел ішіндегі татулық пен достықтың кеңеюі жолында қызмет еттік. Қазақстандағы этнос өкілдері Президент Н.Ә.Назарбаев бастаған Қазақстан делегациясының құрамында өздерінің тарихи отан­дарына мемлекеттік сапарларға қатысып, халықтық дипломатия жолымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты, әріптестікті дамытуға үлестерін қосып келеді. Қазақстанда барлық этнос өкілдері мемлекетті басқару ісіне қатысуға мүмкіндіктері бар, Ассамблея Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайлайды. Елбасының бастамасымен, Ассамблеяның қолдауымен іске асырылып жатқан осындай ізгі бастамалар еліміздің тұрақтылығының негізін қалады. Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Кавказда, Молдо­вада және Приднестровьеде бол­ған, ал енді Украинада орын алып жатқан қақтығыстар біздің елі­мізде болған жоқ, болмайтынына сеніміміз мол. Мен Қазақстан халқы Ассам­блеясының құрылуына 19 жыл толуына орай Қазақстан халқын, Ас­самблея ардагерлерін, мүшелерін шын жүректен құттықтаймын. Бірлігіміз берік, ынтымағымыз ырысты болсын! Мұрат КАРИМОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.