ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 24 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.
«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», деп хабарлады ведомство өкілдері.