Қоғам • 25 Қараша, 2021

Қазақстан сотта америкалық компанияны жеңді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясы бастамашылық еткен арбитраж процесінде Қазақстан жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан сотта америкалық компанияны жеңді

«2021 жылғы 24 қарашада Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталығы (ИДРХО) жанындағы төрелік Трибунал Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясының бастамасымен Қазақстан Республикасына қарсы арбитражда Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Талап арыз сомасы 460,1 миллион АҚШ доллары», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы Трибуналды Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісім бұзылмағанын дәлелдеген. Талапкер талаптары толығымен қабылданбаған.

Трибунал талапкерді шығындарды төлеуге міндеттеді.

Төрелік талап арызды Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясы 2017 жылғы шілдеде ИДРХО ережелеріне сәйкес бастағаны айтылды. Тыңдаулар 2021 жылғы 4-12 қаңтар аралығында онлайн форматта өтті.

«Талапкердің негізгі шағымдары, Атырау облысындағы мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығы бар «ҚоЖан» ЖШС компаниясындағы қатысу үлесін экспроприациялауға алып келген, мемлекеттік органдардың, талапкердің айтуынша, заңсыз іс-әрекеттері саналады. Іс бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP заң фирмасымен бірлесіп білдіреді», делінген хабарламада.