Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 16:35-те өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Жетісу ауданындағы Көкмайса 26 мекенжайына шықты.
«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске ашылды, қазір 70-тен астам жеке құраммен 21 техника жұмылдырылды», деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында 17:20-да өрт оқшауланды.