Руханият • 25 Қараша, 2021

«Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары» атты халықаралық конференция өтті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары» атты халықаралық конференция өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан вице-министр Серік Егізбаев Конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол біздің қоғамымыздың дамуындағы исламның ерекше рөлін және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел мұсылмандары арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға қосқан үлесін атап өтті.

Құрметті қонақтар ретінде Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия бас мүфтилері, қоғам қайраткерлері, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдени университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен шығыстанушылары, сондай-ақ онлайн-форматта Түркия, Ресей және Тәжікстанның бас мүфтилері қатысты.

Конференцияға қатысушылар Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы бойы дін саласындағы салмақты мемлекеттік саясатты атап өтті. Олар Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегін атап өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін саласындағы және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді.