Қоғам • 25 Қараша, 2021

БАҚ мәселелері бойынша «Media құрылтай» өтті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша «Media құрылтай-2021» осы жылы «Ковид дәуіріндегі медианарық. Қайта қалпына келтіру және сын-қатерлер» тақырыбында өтті, деп жазады Egemen.kz.

БАҚ мәселелері бойынша «Media құрылтай» өтті

Жыл сайынғы медиаконференция биыл мемлекеттік органдар, медиа және академиялық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен гибридті форматта өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов алғы сөз сөйледі.

Сонымен қатар «БАҚ туралы заңнамадағы өзгерістер. Медианарық қайда жылжуда?» панельдік отырыста Қанат Ысқақов БАҚ туралы заңнамадағы соңғы және болжамды өзгерістер туралы айтып берді.

Жалпы, қатысушылар пандемия кезіндегі медианарық мәселелері, БАҚ-қа сенім және қоғамдық пікірді басқару, БАҚ-ты заңнамалық реттеу, журналистика форматтарының өзгеруі, қазақ тілді журналистика мәселелері, сондай-ақ мемлекет құрылымдар баспасөз қызметтерінің БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылы туралы жан-жақты әңгімелесті.

«Media құрылтай-2021» конференциясының ұйымдастырушысы Қазақстандағы Интерньюстің өкілдігі және Қазақстан Баспасөз клубы болып табылады.