Спорт • 26 Қараша, 2021

«Қайрат» «Базельден» жеңілді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қарашада UEFA Конференция лигасы топтық сатысында қазақстандық «Қайрат» бесінші ойынын Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» «Базельден» жеңілді

Еурокубок ойындарын алматылық клуб сәтсіз өткізіп келеді. Қазірге дейін «Қайрат» өз тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр.

«Базель» 8 ұпаймен екінші орынға жайғасқан еді. Бірінші кезеңнің 23-минутта алматылық клубтан Вагнер Лав есеп ашты. Ал 45-минутта «Базель» ойыншысы Артур Кабрал пенальтиден таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің 56-минутта Камо Оганесян қайтадан «Қайратты» алға шығарды. Өкіншке қарай, одан кейін швейцариялық клубтан Эдон Жегрова 69, Пайтим Касами 72-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Айта кетсек, бүгін бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Қайрат» құрамындағы соңғы ойынын өткізді. Ол былтыр жаздан бері алматылық клуб намысын қорғаған болатын.