МӘҢГІЛІК АЛАУ. ӨШПЕС ДАҢҚ!
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне орай “Отан қорғаушылар” монументіне гүл шоғын қойды.
Гүл шоғын қою рәсімінен кейін жиналған қауым бейбітшілік пен өз елінің ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, сұрапыл соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минөт үнсіздікпен еске алды. Одан соң еліміздің мемлекеттік Әнұраны ойналды. Салтанатты шара Республикалық ұлан сарбаздарының ел Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында салтанатты шеру жасап өтуімен әрі қарай жалғасты.
“Отан қорғаушылар” монументі орын тепкен алаңға соғыс ардагерлері мен әскери қызметшілер де, қала тұрғындары мен қонақтар да көп жиналған екен. Салтанатты рәсімнен соң, Елбасы ардагер аға-аталарымызбен, сондай-ақ жиналған қауыммен емен-жарқын амандасып, олардың арасында шамалы кідіріс жасады.
Салтанатты шара аяқталғаннан кейін “Халық Қаһарманы”, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен аз-кем сұхбаттасқан едік. “Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 18 жыл толып отыр, – деді Бақытжан Ертаев. – Енді екі күннен соң Ұлы Жеңіске 65 жыл толады. Біздерге бейбітшілік сыйлаған соғыс ардагерлеріне, қан майданда мерт болған жауынгерлер әруағына басымды иемін. Қазақтың ержүрек ұлт екенін соғыс кезінде ата-апаларымыз өздерінің жанқиярлық ерліктерімен дәлелдеді. Өз елі мен жерін қорғап, Отанына адал қызмет ету – әр жауынгердің азаматтық борышы, міндеті. Біздің Қарулы Күштеріміз бүгінде сол үдеден шығып келеді”.
Салтанатты рәсімге Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов, Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен өзге де ресми адамдар қатысты.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Нурай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:47
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Экономика • Бүгін, 11:18
Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды
Қоғам • Бүгін, 10:54
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Медицина • Бүгін, 10:49
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қоғам • Бүгін, 10:47
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 10:36
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Теңге • Бүгін, 10:18
2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады
Үкімет • Бүгін, 10:00