Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Атырауда емханасындағы өрттен 45 адам эвакуацияланды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда емханадан өрт шығып, 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, емхана бүгін, 26 қарашада өртенген.

«Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне сағат 12:34-те Атырау қаласының «Алмагүл» шағын ауданындағы №7 емхананың ғимаратында түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер емхананың 3-қабатындағы терапия бөлімі меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғанын анықтады. Емхана ғимаратынан 45 адам, 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 12:45-те ауыздықталып, сағат 12:49-да толық жойылды. Өртті сөндіруге департаменттің 20 қызметкері мен 6 техникасы, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.