Әлем • 27 Қараша, 2021

National Geographic мұқабасындағы «Ауған қызы» Италияға эвакуацияланды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1985 жылы National Geographic журналының мұқабасына Стив Маккари жасаған фотопортреттің арқасында әлемге әйгілі болған ауғандық Шарбат Гула босқындарға көмек көрсету бағдарламасы аясында Римге эвакуацияланды, деп хабарлады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

National Geographic мұқабасындағы «Ауған қызы» Италияға эвакуацияланды

National Geographic журналының мұқабасынан көрінген Шарбат Гула содырлар билікке келгеннен кейін елден кетуді сұрады. Италия билігі жұмысқа кірісіп, Ауғанстанның коммерциялық емес ұйымдарымен бірге Гуланың Римге эвакуациялануын ұйымдастырды.

Әйгілі кадрды әскери фотограф Стив Маккарри Пәкістанның босқындар лагерінде, қыз шамамен 12 жаста болған кезде жасаған (оның қашан туылғаны белгісіз). Бір жылдан кейін Шарбат тұрмыс құрды. Маккарри оны 2002 жылы Ауған ауылында тапты. Қазір Гула шамамен 50 жаста, оның бірнеше баласы бар.