Әлем • 27 Қараша, 2021

Ұлыбританияда «Арвен» дауылынан екі адам қаза тапты

45 рет көрсетілді

«Арвен» дауылы Ұлыбританияның солтүстігінде екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News сайтына сілтеме жасап.

«Ланкастерден келген ер адамның үстіне ағаш құлап, зардап шеккен адам оқиға орнында қайтыс болды», деп хабарлады жергілікті телеарна Камбрия округінің полициясына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар қызметі әлі де оқиға орнында.

Бұл «Арвен» дауылы салдарынан болған екінші өлім, Солтүстік Ирландияның Антрима қаласында құлаған ағашқа көлік соғылған кезде тағы бір адам қайтыс болған.

Дауыл жаппай электр қуатының өшірілуіне әкеліп соқты. Атап айтқанда, Northern Powergrid операторының мәліметтері бойынша, «Арвен» дауылының салдарынан Англияның солтүстік-шығысында және Йоркширде 112 мың жылжымайтын мүлік электр жарығынсыз қалған.

Ұлыбританияның Ұлттық метеорологиялық қызметі жұма күні елге келе жатқан дауылға байланысты ескерту жариялады. Шотландия мен Англияның солтүстік-шығысындағы жағалаудағы аудандарда 80 мильден асатын ең жойқын жел бет алды. Қатты желден басқа, «Арвен» дауылы Шотландия мен Солтүстік Англияның төбесіне қар әкелді.

Соңғы жаңалықтар

Доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 15:50

Вакцина салдырғандар саны артты

Коронавирус • Бүгін, 09:17

Ұқсас жаңалықтар