![Бүгін 5 қаланың ауа сапасы нашарлайды](/media/2021/11/28/4ecdfbca-f638-4812-bca2-9859e8ee5468.jpeg)
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.