Аймақтар • 28 Қараша, 2021

Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Талғар қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні балабақшалардың бірінде болған.

«Төрт жастағы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылды. Іс ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу) бойынша жүріп жатыр», делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.