Аймақтар • 28 Қараша, 2021

Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше 27 қараша күні Алматы облысында бірнеше көлік апаты орын алды. Жол-көлік оқиғалары салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды

Қайғылы оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Құлжа тас жолында адамды қағып кетті. Абай болыңыздар. Адамды осылай қағып кету үшін ол қандай жылдамдықпен жүрді екен», дейді видеоға түсіріп тұрған автор.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл факті 27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы адам оқиға орнында мерт болды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар 27 қараша күні Алматы облысында үш көлік соқтығысып, 13 жастағы бала мерт болды. Оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, Kia Sportage көлігі батыс бағытпен келе жатып, бұрылыста бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf көлігіне соғылды. Соққының салдарынан Volkswagen Golf қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Ipsum көлігіне соғылған.