Спорт • 29 Қараша, 2021

Финалға шыға алмады

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт кезеңге жалғасқан шорт-тректен Әлем кубогы жарысы өз мәресіне жет­ті. Қазан айында Қытайда басталған бай­рақты бәсеке кеше төртінші кезең­мен Нидерландтың Дордрехт қала­сында аяқталды.

Финалға шыға алмады

Алғашқы екі кезеңді тамаша өткізіп, жүл­дегерлер қатарынан көрінген Мәдіғали Қар­сыбеков шәкірттері кейінгі кезеңдерде өз мық­­тылықтарын дәлелдей алмады. Дордрех­ттегі додада бақ сынаған қазақстандық спорт­шылардың бірде-біреуі финалға шыға алмады.

500 метр қашықтық бойынша бақ сынаған Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов ширек финалда сүрінді. Ал команда лидері болған Абзал Әжіғалиев жартылай финалдан кейін жарыстан шығып қалды. Сондай-ақ 5000 ­метрге жарысудан эстафетаға қатысқан Қазақ­стан ерлер құрамасы да финалдан тыс қалды.