Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 28 қараша күні сағат 22:01-де «101» пультіне облыс орталығындағы қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Шығыс өндірістік аймақ көшесі, 53 а мекенжайында «Лакра» ЖШС-де лак-бояу бұйымдарын дайындау және сақтауға арналған жеке тұрған қоймада өрт шықты. Жалпы ауданы 432 шаршы метр аумақта лакталған, боялған бұйымдар өндіруге арналған 6 металл қондырғы жанған. Сағат 00:05-те өрт сөндірілді. Оқиға орнында департаменттен 41 қызметкер мен 9 техника, «ПМХЗ» ЖШС-нен 5 қызметкер мен 1 техника, апаттық медициналық орталықтан 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды», деді баспасөз қызметінде.
Оқиғаның мән-жайы, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Фото және видео: облыстық ТЖД