08 Мамыр, 2010

БІЗ СІЗДІ ҰМЫТПАЙМЫЗ, ӘКЕ!

824 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жыл сайын 9 мамырда мен әкем Қайырбек Баймағамбетовті мақтанышпен еске аламын. Ол өте сыпайы адам болған. Со­ғыстағы өмірі туралы көп айт­пай­тын, ешқашанда мақтанбайтын. Жеңістің 65 жылдығы қарса­ңын­да 5 бала өсірген, 3-ші Карелия, 2-ші Украина, сосын Қиыр Шы­ғыс майдандарында офицер бо­лып қызмет еткен әкемнің дү­ние­ден қайтқанына 20 жыл бо­лады. Сондықтан ол кісі туралы кішкене естелік айтқым келеді. Әскерге әкеміз Алматыдағы зооветеринарлық институтын үздік белгімен бітіріп 1940 жылы аспирантурада оқып жүргенде кетіпті. Қызметін ол кісі Карелия майданының ақ финдермен күресіп жатқан 7-ші армиясындағы 27-ші дивизиясынан бас­таған. Содан соң 1941 жылы Ұлы Отан соғы­сы басталып, Ленин­град бағытында шай­қасқан. 1944 жылдың қыр­­күйек айынан бастап әкем 2-ші Ук­раина майда­нындағы 5-ші Дон кавале­рия­лық корпусы құра­мында немістерден Будапешт қаласын босатуға кі­рісті. Осы әскери құрылыммен ол кісі Венгрия, Румыния, Югославия және Авс­трия елдерін азат етуге қатысты. Же­ңісті Ве­нада қарсы алған. Со­ғыстағы ер­лігі көптеген орден-медальдармен атап өтілген. Майданнан кел­ген­нен кейін әкем Қа­зақ­станның ауыл ша­руа­шылығының да­муына өте көп күш жұмсады. Семей об­лы­сындағы Ая­гөз ауданының “Қаракөл” сов­хозы мен сов­хоздардың облыс­тық тре­сінің директоры, Талды­қор­ған об­лысындағы Ақсу және Сар­қант аудандық ауыл шаруа­шы­лығы басқарма­ла­рының бас­тығы және Панфилов аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. Жұртшы­лық­тың ыстық ілтипа­тына бөленді. Осындай абзал жанды 9 мамыр – Жеңіс күні сағынышпен еске аламын. Біз сізді ұмытқанымыз жоқ, әке! С.БАЙМАҒАМБЕТОВА, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің оқытушысы. АСТАНА.