Аталған марапатты франциялық «France Football» журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Биыл жылдың үздік ойыншысы атағынан үміткерлер қатарында 30 футболышының есімі аталды.
Атап айтқанда, олар: Николо Барелла («Интер»), Карим Бензема («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Кевин де Брёйне («Манчестер Сити»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Жоржиньо («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур»), Н’Голо Канте («Челси»), Симон Кьер («Милан»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария), Ромелу Лукаку («Челси»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Жерар Морено («Вильярреал»), Мейсон Маунт («Челси»), Неймар («ПСЖ»), Педри («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Луис Суарес («Атлетико»).
Қазірге дейін Йохан Кройф, Мишель Платини, Марко ван Бастен және Криштиану Роналду секілді үздік ойыншылар мұндай мәртебеге үш рет ие болды. Ал марапатқа 2 рет қол жеткізген жұлдыздар қатарында Альфредо ди Стефано, Франц Беккенбауэр, Кевин Киган, Карл-Хайнц Румменигге, Роналдо мен Лионель Месси бар.
Сондай-ақ бүгінгі шара барысында Германияның «Бавария» және Польша құрамасының ойыншысы Роберт Левандовски «Үздік шабуылшы» атанса, Францияның «ПСЖ» және Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма «Үздік қақпашы» атағына лайық деп танылды.