Аймақтар • 30 Қараша, 2021

8 желтоқсанда Май ауданы тұсынан зымыран ұшады

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күтпеген жағдайлар орын алса ауыл әкіміне немесе 112 телефон нөміріне хабарласу керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 желтоқсанда Май ауданы тұсынан зымыран ұшады

Бұл туралы Павлодар облысы Май ауданы әкімінің орынбасары Медет Шоқанов өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Құрметті аудан тұрғындары! Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық мақсаттағы зымыран ұшыру жоспарланғанына назарларыңызды аударуыңызды сұраймын. Түсіру бағыты Май ауданының аумағы арқылы өтеді», делінген жазбада.