Медицина • 30 Қараша, 2021

Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы әр жерде әртүрлі

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарапшылар Қазақстан өңірлерінде дәрі-дәрмектерге, емдеу жабдықтары мен аппаратурасына бағаның қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы әр жерде әртүрлі

Ranking.kz зерттеулеріне сәйкес, фармпрепараттар жылына 2%-ға, емдеу жабдықтары мен аппаратурасы 5%-ға қымбаттады.

Порталдың мәліметінше, қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда дәрі-дәрмектер, емдеу жабдықтары мен аппаратуралары бір айда 0,4%-ға және бір жылда 2,4%-ға қымбаттады.

Ай сайынғы динамикада фармсектордағы бағаның ең жоғары өсуі Алматы (1,7%), Қостанай (1,5%) және Түркістан (1%) облыстарында байқалды.

«Жылдық динамикада Ақмола және Маңғыстау облыстарының (8,1%-ға), сондай-ақ Астананың (7%-ға) тұрғындары қымбаттауды қатты сезінді. Бағаның жылдық өсуі елдің 17 аймағының 16-да байқалды. Жамбыл облысында баға 0,3%- ға аздап төмендеді», деп жазады Ranking.kz.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, тікелей фармацевтикалық өнім жылына 2,4%-ға, емдеу жабдығы мен аппаратурасы 5,4%-ға қымбаттады.

Ақмола облысының (8,2%-ға), Маңғыстау облысының (8,1%-ға) және Нұр-Сұлтан қаласының (7%-ға) тұрғындары фармацевтикалық өнім бағасының жылдық өсуін барынша сезінді. Ең төменгі өсім Алматыда тіркелді: 0,2%-ға.  Жамбыл мен Түркістан облыстарында баға бір жылда 0,4%-ға төмендеді.

Бұдан басқа, емдік жабдықтар мен аппаратураның қымбаттауы Қостанай облысында тіркелген - 15,1%. Антил-лидерлердің үштігіне Түркістан (14,8%-ға) және Маңғыстау (11,7%-ға) облыстары да кірді. Ақтөбе облысында бағалар, керісінше, 1,8%-ға төмендеді.

«Аквалор» 125 мл 9,8%-ға, 2 мың теңгеге дейін, «Но-шпа» 40 мг, 100 таблетка - 9%-ға, 2,7 мың теңгеге дейін, «Эссенциале форте Н» 30 капсула - 8,2%-ға, 2,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Ацетилсалицил қышқылы (11,5% - ға, 10 таблетка үшін 51 тг дейін), парацетамол (8,7% - ға, 10 таблетка үшін 81 тг дейін), азитромицин (3,7% - ға, 500 мг-нан 3 таблетка үшін 931 тг дейін) сияқты дәрілік заттар арзандады. Сондай-ақ, «Гипотиазид» бағасы 25 мг, 20 таблетка (1% - ға, 1,1 мың теңгеге дейін) және «Верошпирон» бағасы 100 мг, 30 капсула (0,6% - ға, 2,2 мың теңгеге дейін) төмендеді.