Қазақстан • 30 Қараша, 2021

Қазақстан күрделі тыңайтқыштар өндірісінен әлемдегі алғашқы ел болмақ

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылға қарай Қазақстанда шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан күрделі тыңайтқыштар өндірісінен әлемдегі алғашқы ел болмақ

«2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге арттыру міндеті қойылды. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін біз әлемнің 60-тан астам еліне экспортқа бағытталған 180 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Қазақстан ферроқорытпалардың екінші экспорттаушысы болады. Біз тұз-қышқыл ыдырау қолданылатын күрделі тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдегі алғашқы ел боламыз. Қазақстан «КамАЗ» және HYUNDAI жаһандық өткізу тізбегінің бір бөлігіне айналады. Сондай-ақ, қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланатын болады. Бұл ретте, отандық компоненттерді өндіру есебінен жергілікті қамту үлесінің өсуі 50%-ға жетед», деді Үкімет отырысы барысында Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, жаңа өндірістерде 164 орта және 121 жоғарғы қайта бөлу өнімдерін шығару жоспарлануда.

«2025 жылға дейін жоғарғы қайта бөлу өнімін өндіру көлемі 2,7 трлн теңгені құрайды, бұл қолданыстағы өндіріске екі есе өсуге мүмкіндік береді. Орта технологиялық өнім шығару көлемі 2,1 трлн теңгені, экспорт - 2 млрд долларды құрайды. Бұл өндірісті 12,5%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда иммундық препараттар мен дәрілік заттар, санфаянс, автоқұрамдауыштар, Тұрмыстық техника, темір жол машина жасау өнімдері, лак-бояу бұйымдары, құрылыс материалдары мен минералды тыңайтқыштар өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді», деді министр.