«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.
Еске салайық, бір апта бұрын ғана осындай жағдай Рудныйда болған еді. 4-қабаттың балконынан 41 жастағы әйел құлаған болатын.