Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді, оның ішінде 32 мамандандырылған ХҚКО бар, олар арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түріне жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграмм-бот, egovmobile қосымшасы арқылы мереке күндеріне қарамастан онлайн-режимде рәсімдей алады.
«Біз қазақстандықтарды алдағы желтоқсан мерекелерімен құттықтаймыз. Демалыс және мереке күндері тұрғындар барлық шаруаларын аяқтауға, қандай да бір анықтама алуға тырысады. ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс күндері», деді Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.