Қазақстан • 30 Қараша, 2021

«Отандастар қоры» Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отандастар қоры» Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша Қоғамның жұмысы туралы және алға қойылған міндеттері туралы мәселелер қаралды.

Кеңес отырысының қорытындысымен Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік орган басшыларына Қор жұмысын жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен бірге «Отандастар қоры» Қоғамы Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Кеңестің төрағалығына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев және орынбасарлығына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов сайланды.