Қазақстан • 30 Қараша, 2021

Назарбаев моделі және түркі интеграциясы

150 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағыттал­ған интеграция жолы» атты халық­аралық конференция өтті.

Назарбаев моделі және түркі интеграциясы

Конференция аясында «Нұрсұлтан Назарбаев – түркі интеграциясының сәулетшісі» пленарлық отырысы болды. Жиын барысында спикерлер халықаралық интеграциялық үдерістердегі, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының рөлін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов жиын модераторы болды.

Іс-шарада Нұрсұлтан Назар­баев Қорының Алматыдағы өкілдігінің басшысы Сергей Тоқ­­таров Қор директоры Дари­ға Назарбаеваның құттық­тау сөзін жеткізді. «Қазақстан халық­аралық аренада өз ұстаны­мын нығайтты, еркін және бейбіт­ші­лікті сүйетін тәуелсіз мемлекет атанды. Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардың тең құқылы мүшесі. Еліміз аймақтық және жаһандық ауқымдағы саяси және экономикалық қатынас­тар­дағы сенімді серіктес қана емес, Еуразияның маңызды мәдени және зияткерлік орталығы болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының басшылығымен Қазақстан өзінің тұрақтыдаму үлгісін – «Назарбаев моделін» құрды деп сеніммен айта аламыз», делінген Д.Назарбаеваның құт­тықтау сөзінде.

Басқосуда Түркия Республи­касы Конс­титуциялы қсотының төрағасы Зухту Арслан, Қазақ­стан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Түркі мәдениеті халықаралық ұйым­дары­ның (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүй­сен Қасейінов, Халықаралық Түркі ака­демия­сының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблея­сы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, М.Әуезов атындағы Оңтүс­тік Қазақ­стан университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Қ.А.Ясауи атын­дағы Халық­аралық қазақ-түрікунивер­ситетінің ректоры Жанар Темір­бекова сынды зиялы қауым өкілдері құттық­тауларын жеткізді.

Жиында Игорь Рогов Елбасы идея­ларының мән мәтініне негіз­делген түркі әлемінің интегра­ция­сын елімізде және әлемде б­о­лып жатқан басқа инте­гра­ция­­лық үдерістерден бөлек қарас­­­ты­руға болмайтынын айтты. Оның пі­кірін­ше, заманауи мем­лекеттің дамуы басқа елдермен әріптестік, тәжірибе алма­су, түрлі салаларда өзара көмек көр­сету принциптеріне негізделген.

Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми: «Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміндегі айрықша рөлі халықаралық деңгейде мойындалған. Елбасы­ның бастамаларының арқасында тарихы ортақ, мәдениеті, тілдері ұқсас түркі елдері ынтымақтас­тықтың жаңа сатысына шықты», деді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары Марат Әзілханов Тәуел­сіздіктің 30 жыл­дығында Н.Назар­баев моделі мен түркі әлемінің интеграциясы тақырыбы ерекше алуан қыр­лы мәтінге ие болуы заңды еке­нін айта келіп, «Назарбаев моделін­де қоғамдық келісім мен жал­пы­ұлттық бірлік ұғымы, Қазақ­стан жолы, көпвекторлы саясат, қазақстандық патриотизм, ядро­лық қару­дан азат ай­мақ сияқты тәуелсіз­дігі­міздің тари­хи тұрғыдан іске асқан кере­мет құбы­лыстарын бейнелейтін ұғым­дармаңызды орын алады. Бұның бәрі Елбасының бірегей идеясы­нан туындаған дүниелер», деді.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры Жанар Темірбекова Елбасының сындарлы саясатының арқасында құрылып, бүгінде ерекше мәртебеге иеболған оқу орнында 30 жыл ішінде атқарылған елеулі жұмыстарды атап көрсетті.

Халықаралық конференция аясында «Түркістантүркі әлемінің рухани астанасы» және «Назарбаев моделі»: түркі әлемінің 2040 жылдағы көрінісі» аттыд өңгелек үстелдер, «Нұрсұлтан Назар­баев Қорының жас ғалымдарға арналған конкурстары» атты семинар ұйымдастырылды.

Жиналған қауым бауырлас түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын, жаңа ғасырдағы түркі дүниесінің бейнесін, Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемініңинте­гра­циясындағы рөлі мен ұлтаралық тату­лықтысақтау үшін қалыптастырған даң­ғыл жолын, этносаралық және кон­фес­­сия­аралық келісімнің қазақстан­дық моделінің қазіргі жағдайын, түркі әле­мі елдерінің әрбір сала бойынша ықпал­дастығын, түркітілдес елдерден құралған ұйымдардың жұмысымен қызметін, соңғы 30 жылға жеткен жетістіктерді, келешекте атқарылуы тиіс жобаларды, жаңа бояуалған Түркістан қаласының өткені, бүгіні мен келешегін талқылады.

«Түркістантүркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Мәмбет Қойгелдиев: «Түркістанхалқымыздың ғана емес, күллі түркі әлемінің руханиорталығы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдері арасындағы жан-жақты байланысты нығайтуға үлесқосқан тұлға. Оның бұл үдерістегі рөліне баға жетпейді», деді.

Конференция қатысушылары, әсіресе, түркі әлемінің рухани астанасыТүркістан қаласының даму қарқынын егжей-тег­жейлі қарастырды. Шара аясында қала­ның одан әрі көркеюіне қатысты тың идея­лар да айтылды. Мәселен, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері Айдана Акесина Түркістан­ның рухани астана ретіндегі преспективасы жоғары, урбанизация бойынша ешқандай кедергі жоқ екенінатап өтті. «Түркістандағы халықаралық ортаны қазіргі заманауи беталыстарға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық базаның көмегіне сай қалыптастыру мүмкіндіктері бар. Бұл ретте экологиялық күн тәртібі де бар. Бұл бағыт Түркістанды дамыту бо­йынша өзектілігін жоғалтпауы қажет», деген ұсынысын айтты А.Акесина.

Қырғыз-түрік «Манас» универ­ситетінің ректоры Алпаслан Джейлан мен профессор, Назарбаев Университеттің қазақ тілі және түркі тілдерін тану кафе­драсының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы Түркістанның рөлі мен Қожа Ахмет Ясауи­дің түркіәлемі үшін қалдырған мұ­ра­сы туралы айтты. Соны­мен қатар жи­нал­ғандар Еуразия ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тының аға ғылыми қыз­меткері Дәу­лет Жай­лыбаев пен ҚСЗИ-дің жетек­ші ғы­лы­ми қызмет­кері Мәдина Бек­тенова­ның Түркістанның мәдени, өр­ке­ниеттік және экономикалық даму мәсе­лелері бойынша баяндамаларын тыңдады.

Конференция аясында «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқаулары мен гранттары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Халықаралық конференция «Назар­баев моделі»: 2040 жылға қарай түркі әлеміне көзқарас» атты дөңгелек үстел оты­рысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің I вице-ректоры Дженгиз Томар түр­кіәлемінің перспективаларын тал­­­дады. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың түркі мемлекеттері арасын­дағы ын­ты­мақтастықты нығайтуға бағыт­­­тал­ған тарихи шешімдеріне баға бері­ліп, ғылыми тұрғыдан сараланды. Дөң­­гелек үстелге сонымен қатар Қ.А.Ясауи атын­­дағы ХҚТУ-нің профессоры Сей­дулла Садықов, ҚСЗИ-дің аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева, Денсау­лық сақтау технологиясын бағалаупро­фес­соры және клиникалық менедж­мент және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшы Фи­липпо Барточчони, Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университеті Цифр­лық даму департаментінің директоры Нұрлан Құлмұрзаев, «GRAND master бағдарламалау мектебі» ЖШС директоры Алмат Қуанышбаев, ҚМУ «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадулла, «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Суат  Бейлур, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы Досай Кенжетай, осы оқуорнының профессоры Бекжігіт Сердәлі қатысты.

Іс-шарада Түркі әлемі интегра­циясы­ның мәселелеріде жан-жақты сөз болды. Бұл ретте конференция қатысу­шы­лары Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуына ерекше назар аударып, бұл тарихи шешімтүркі әлемінің келешек келбетін кемелдендіре түседі деген қорытындыға келді.

Айта кету керек, аталған халықаралық конференция Тұңғыш Президент күнін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше