Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

1804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылғы 23 қарашадағы «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

«Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407.

Бұйрық 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.