Жақында Қазақстанның АҚШ-тағы және қосымша Бразилиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Бразилия Президенті Л.И.Лула да Сильваға Сенім грамотасын тапсырды. Қазақстандық дипломат сенім грамоталарын тапсырған 17 мемлекет елшілері ішіндегі алғашқысы болу құрметін иеленді, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі.
Рәсім шеңберінде Л.И.Лула да Сильва жаңа елшілер құрметіне салтанатты қонақасы берді. Оның аясында Бразилия басшысы Қазақстан елшісімен пікір алмасуға үлкен қызығушылық танытты. Сұхбаттастар жоғары деңгейдегі сапар алмасулар негіз қалаған екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуетін одан әрі арттыруға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, көп жағдайда Қазақстан мен Бразилияның ұстанымдары ұқсас келетін және оларды шешуде ортақ көзқарас танытылып жүрген халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды.