Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында шет мемлекеттердің ірі инвестициялық компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
– Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыстар бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Тәуелсіздік жылдары шетелден 370 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Мемлекет инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді. Біз әрбір инвесторды жеке әрі кешенді қолдау қағидатын енгіздік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент тікелей өзі төрағалық ететін Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвесторлармен өзара ықпалдасу үшін негізгі алаң екенін атап өтті. Нақты секторға тікелей инвестиция тартудан бөлек құнды қағаздар нарығын дамыту мен шетелдік портфельді инвесторларды елге әкелуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтағы ірі капитал нарығын құрап отырғанын жеткізді.
– Ұлттық банк негізгі қаржылық реттеуші ретінде қор нарықтарын одан әрі дамыту жолында белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда бұл саланың құқықтық және инфрақұрылымдық бағыты жетілдірілген. Елімізде екі қор биржасы – Алматыдағы KASE және Астана халықаралық қаржы орталығы табысты қызмет атқарып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, әлемдегі жетекші уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорыны мен қаржы технологиясы бойынша аймақтағы көшбасшы Kaspi.kz IPO-лары капитал нарығының динамикасын арттырып, ілгерілеуіне үлес қосты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
– Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі саласында, атап айтқанда мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылымда 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент бүгінгі кездесу қазақстандық капитал нарықтарына шетелдік инвестицияларды көптеп тарту туралы пікір алмасуға тамаша мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осындай келелі жиынды тұрақты түрде өткізудің маңызды екенін атап өтті.
Жиында «Blackrock», «Luxor Capital», «Lugard Road Capital», «Aberdeen Asset Management», «Capital Group», «Sands Capital», «Alameda Research & FTX», «Kingsway Capital» компанияларының жетекшілері сөз сөйледі.
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті
Руханият • Бүгін, 12:17
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:05
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Спорт • Бүгін, 11:59
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Ұқсас жаңалықтар