Спорт • 03 Желтоқсан, 2021

Гран-при турнирінің финалы тағы да өтпейтін болды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің финалы өтпейді. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) мұндай шешім қабыладауына коронавирус инфекциясы себеп болып отыр деп, жазады Egemen.kz.

Гран-при турнирінің финалы тағы да өтпейтін болды

Турнир 9-12 желтоқсан аралығында өтуі тиіс болатын.

«Өкінішке қарай, қиын эпидемиологиялық жағдай, карантин талаптары, шектеулер мен логистикалық қиындықтар салдарынан турнирді өткізбеу туралы шешім қабылданды.

Жапония коньки спорты федерациясы мен жергілікті ұйымдастыру комитеті барынша шешім табуға тырысқанымен, жоспардағы жарыс өткізілмейтін болды. ISU жарыстың өтпейтініне өкініш білдіреді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, пандемияға байланысты былтырғы Гран-при финалы да өтпеген болатын.