Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2021

Басты міндетіміз - Орталық Азияны сенім мен достық кеңістігіне айналдыру - Шавкат Мирзиеёв

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв Egemen Qazaqstan газетінің 4 желтоқсандағы санына берген сұхбатында Орталық Азия мем­ле­кеттерінің қарым-қатынасы қандай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басты міндетіміз - Орталық Азияны сенім мен достық кеңістігіне айналдыру - Шавкат Мирзиеёв

Сондай-ақ, Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және өркениеттік байланыстарды атап өтеді.

«Бүгін біз Орталық Азия мем­ле­кеттерінің қарым-қатынасы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, ашық, болжамды және тұрақты сипатқа ие болды деп айта аламыз.

Өзара іс-қимылды нығайту және ортақ міндеттерімізді дәйекті шешу өңірдің барлық елдерімен жалғасын табатынына сенімдімін.

Қайталап айтамын, біздің бас­ты міндетіміз – Орталық Азияны гүл­денген және тұрақты дамып келе жатқан өңірге, сенім мен достық ке­ңістігіне айналдыру», дейді Шавкат Мирзиеёв.