Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге берген сұхбатында таяуда ғана құрылған Түркі мемлекеттері ұйымының әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемі елдерін біріктіру жолындағы табанды жұмысының айрықша маңызға ие екенін де сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұйымның маңыздылығын айта отырып, мен ең алдымен, қадірменді ақсақалымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түркі әлемі елдерін біріктіру идеясын концептуалды әзірлеу мен іс жүзінде жүзеге асырудағы, сондай-ақ ынтымақтастықты институттандырудағы орасан зор, негіз қалаушылық рөлін атап өткім келеді», деді Өзбекстан Президенті.
Өзбекстан басшысы тұтас түркі жұртының мақсат-мұратын бір арнаға тоғыстырған ұйымның алға қойған мідеті зор екендігіне де айрықша тоқталды.
«Бүгінгі таңда ұйымның алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Біздің ойымызша, бұл бірінші кезекте қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту. Осыған байланысты өзара тауар айналымы көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Түркі мемлекеттерінің сауда ынтымақтастығы мәселелерін зерттеу орталығын құру туралы ұсынысты алға тарттық. Ұйымның интеграциялық әлеуетін іске асыруда қатысушы елдердің көліктік сектордағы өзара байланыс бағдарламасының қабылдануы аса маңызды болады», дейді Шавкат Мирзиёев.
Жаңа ұйымның бір мақсат жолында түркі мемлекеттерімен бірлесіп атқарар жұмысы аз емес. Әсіресе жастардың жаңашыл идеяларын қолдау, интелектуалдық және экономикалық әлеуетті арттыру, туризм саласына жан бітіру және өзге маңызды мәселелер күн тәртібінен түспек емес.
«Жаңа, инновациялық және технологиялық даму моделіне өтуде, оның ішінде жасыл, экологиялық таза, энергия үнемдейтін және қауіпсіз технологияларды енгізу, экологиялық дағдарыстардың салдарын жеңілдету мен қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ туризмді тұрақты даму факторы ретінде пайдалануда біз өз күшімізді біріктіруіміз керек. Сарапшылар мен IT мамандарының тұрақты платформасын, сондай-ақ түркі елдерінің қоршаған ортаны қорғау құрылымын қалыптастыру бойынша штаб-пәтерін Арал бойында – экологиялық апаттан ең көп зардап шеккен аймақта құру бастамасы осыған бағытталған.
Елдеріміздің дамуындағы жастардың рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, сондай-ақ олардың әлеуетін толық іске асыру мақсатында біз түркі әлемінде 2022 жылды Жастар бастамаларын қолдау жылы деп жариялауды ұсындық.
Түркі мемлекеттері орасан зор ресурстарға ие – тарихи-мәдени және рухани мұраға ең бай мемлекет екеніне сенімдімін, орасан зор интеллектуалдық және экономикалық әлеует, толеранттылық дәстүрлері мен ағартушылық – адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешуде барған сайын маңызды рөл атқаратын болады», деді Өзбекстан Президенті.
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті
Руханият • Бүгін, 12:17
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:05
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Спорт • Бүгін, 11:59
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұқсас жаңалықтар