Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

Алматыда жылу жүйесі жарылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жылу трассасы жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Оқиға Рысқұлов даңғылының бойында орын алды. Куәгерлердің түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Сондай-ақ, оқиғаның көлік қозғалысына кедергі келтіргені көрініп тұр.

Аталмыш оқиғаға байланысты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі түсінік берді.

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Жылу трассасының жарылуына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін батыс бағыттағы қозғалыс жабылды. Шектеу жол төсемін қалпына келтіргенге дейін күшінде болады. Жол қозғалысына қатысушыларды қозғалыс бағытын алдын ала түзетуге және жол қозғалыс ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше