Президент • 07 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

2534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, ғалым-педагог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. 

«Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінде және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған Талас Омарбекұлы отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихын қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан зор. Бүкіл түркі дүниесін, ұлтымыздың шежіресін, Орталық Азия халықтарының өркениетке бет алған көшпелі мәдениетін терең зерделеді. Талас Омарбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», делінген Президенттің жеделхатында.