«Жамбыл облысында жалпы мал басын есептегенде 1,5 миллион тоннадай шөп керек, қазіргі таңда біздің жинағанымыз 1,8 миллион тонна. Жамбыл облысында 7 мыңға жуық қыстаулар бар. Олардың бәрі әкімдердің бақылауында. Қазіргі таңда өңірдегі қыстақтарда айтарлықтай мәселелер жоқ.
Биылғы қуаңшылық Жамбылдық шаруаларға да оңай тиген жоқ, бірақ біз өзімізді жем-шөппен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар», деді өңір басшысы.