Оқиға • 08 Желтоқсан, 2021

Квазимемлекеттік сектордағы компаниядан ақша жымқырған күдікті ұсталды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік сектордағы қаржы жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Квазимемлекеттік сектордағы компаниядан ақша жымқырған күдікті ұсталды

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментімен, «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директоры жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі жүргізілуде.

Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақша-қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған.

Осылайша меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасап, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына, яғни бақылаушы акцияларының 51% «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі «Кселл» АҚ-на аса ірі мөлшерде залал келтірген. Күдікті азамат жымқырған ақшаны Алматы қаласының букмекерлік кеңселерінде ұтылып отырған.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы қолданылдған. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.