Қаржы • 09 Желтоқсан, 2021

2022 жылғы инфляцияға болжам жасалды

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев алдағы жылы инфляция 6-6,5%-ға жететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы инфляцияға болжам жасалды

«Қараша-желтоқсан» болжамды раунды аясында Ұлттық банктің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдары жаңарды. 2021 жылы жоғары базадан шығу мен сыртқы инфляциялық қысымның қысқаруын ескерсек, 2022 жылы шарықтау шегі бірінші тоқсанда орташа есеппен тоқсан ішінде 8,8% болжанатын инфляцияның баяулауы күтіледі», деп хабарлады Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Осы арада, Ұлттық банк төрағасы 2022 жылы болжанатын инфляцияның пайыздық мөлшеріне тоқталды.

«Жаңартылған базалық сценарийге сәйкес, мұнай бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде инфляция 2022 жылдың соңына таман инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешенін тиімді іске асыру нәтижесінде 6,0-6,5% болады», деп қосты Ұлттық банк төрағасы.