Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Атырау тұрғындары қоғамдық көлікте екі күн тегін жүреді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының тұрғындары Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте екі күн тегін жүретін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғындары қоғамдық көлікте екі күн тегін жүреді

Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары тұрғындарға осындай тарту жасап отыр.

«Атырау қаласында мереке күндері жолаушы тасымалдау үшін әдеттегідей 220 автобус маршрутқа шығады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар басшыларының ортақ шешімімен 16, 17 желтоқсанда барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Екі күн бойы тегін жүру құқығын жас шамасына қарамастан, барлық жолаушы пайдалана алады» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қалалық әкімдік жолаушыларды қоғамдық көлікте маска тағу режимін сақтауға шақырып отыр.