Қайғылы оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», деп хабарлады полициядан.
Тиісті сараптама тағайындалды. Мән-жайды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.