Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара аясында мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаған Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің 30 жылында қол жеткізген маңызды жетістіктерге тоқталып, осы жылдар ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде толық қалыптасып, халықаралық қауымдастықтың беделді әрі ықпалды мүшесіне айналғанын тілге тиек етті.
«Елбасының бастамасымен біз Семей ядролық сынақ полигонын жауып, Кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық арсеналдан азат болдық. Бұл біздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік ұстанымдарына берік екенімізді көрсетіп, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімін күшейте түсті. Қазақстан халықаралық бастамаларды да іске асыруға белсенді қатысып, беделді ұйымдарға төрағалық етті», деді Мәулен Әшімбаев құттықтау сөзінде.
Ол 30 жылдың ішінде еліміздің барлық өңірі, оның ішінде Маңғыстау облысы да қарқынды дамығанын айтты.
«Маңғыстау облысы еліміздің дамуында ерекше орын алады. Мұнда 30 жылда бірқатар ірі және орта кәсіпорындар бой көтерді. Соның арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылды. Мемлекет теміржол желілері мен авто жолдар салып, теңіз портын дамытты. Соңғы жылдары Маңғыстауда туризм саласы да қарқынды дамып келеді», деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жайында сөз қозғады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жаңғырту бағдары аясында өңірлерді дамыту және аймақтардағы мәселелерді шешу негізгі басымдықтардың бірі екенін жеткізді.
«Маңғыстау өңірі үшін өзекті мәселелердің бірі - сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Президентіміз 2025 жылға дейін қалалар мен ауылдарда ауыз су мәселесін шешуді тапсырды. Соған байланысты бекітілген арнайы Ұлттық жоба аясында бұл бағытта Маңғыстау облысында да айтарлықтай жұмыс атқарылады», деді Сенат Төрағасы.
Өз сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Тәуелсіздік алғалы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала кетті.
«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың қажыр-қайратының арқасында еліміз өсіп-өркендеді. Ол тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасын қалап, еліміздің белсенді даму бағдарын айқындап берді. Қазіргі таңда Президентіміз Елбасының сындарлы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, көздеген мақсаттарға жету жолдарын белгіледі. Біз қашанда өткенге құрметпен, келешекке нық сеніммен қараған халықпыз», деді ол өз сөзінде.
Салтанатты жиын барысында Сенат Спикері Мемлекет басшысының атынан еліміздің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан маңғыстаулықтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды.
«Өңірлерді дамыту мәселесі, оның ішінде Маңғыстауды өркендету Президентіміздің тікелей бақылауында. Биыл қыркүйекте Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде арнайы кеңес өткізді. Осындай нақты шаралардың арқасында Маңғыстау өңірі алдағы уақытта дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы онкологиялық диспансерге арнайы барып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерімен кездесті. Одан бөлек, «Халық Арена» спорт кешенінің жұмысымен де танысты.
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 18:53
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:41
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 18:10
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 17:57
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Бүгін, 17:32
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:21
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бір бөлігі табылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
Қоғам • Бүгін, 17:07
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Ұқсас жаңалықтар