8 желтоқсан күні сағат 23:10-да «102» нөміріне Шетпе - Сай-Өтес тасжолында «Газель» маркалы екі көліктің аударылып қалғаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына патрульдік полиция ротасы жөнелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер анықталған жоқ. Көліктерге трактормен көмек көрсетілді», деп түсіндірді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда абай болуды, дауылды ескерту жасалған кезде көлікке отырмауды сұрайды.
Кешегі дауыл салдарынан Жетібай-Шетпе тасжолының 96-101 шақырымында көлік кептелісі туындаған.
Айта кетсек, Маңғыстау облысы аумағында екі күннен бері шаңды дауыл мен қатты жел соғып тұр.