Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021

Шымкентте 240 жаңа автобус пайдалануға берілді

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңа қоғамдық көліктерді бағыттарға үлестіру іс-шарасы өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, қала әкімі М.Әйтенов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 240 жаңа автобус пайдалануға берілді

Мереке қарсаңында Шымкентте 9 қолданыстағы және 3 жаңа, жалпы 12 бағытта қатынайтын 240 жаңа автобус халық игілігіне пайдалануға берілді. Соңғы жылдары Шымкентте қоғамдық көлік қызметі жетіліп келеді. Қазіргі таңда қалада 13 тасымалдаушы компания жолаушыларға 75 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде 57 маршрут әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде белгіленіп, жергілікті бюджеттің есебінен субсидияланып отыр.

Қаланың автобус паркінде 1 мыңнан астам көлік бар. Оның шамамен 87 пайызы жаңартылды. Заманауи, жайлы автобустар желдеткіштермен, бейнебақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған. Барлық стандарттарға сәйкес келеді. Биыл қоғамдық көлік желісін дамыту кешенді схемасы бекітілді. Соның нәтижесінде бірқатар бағыттар оңтайландырылып, жаңа маршруттар іске қосылды.

Сонымен қатар «Tolem» атты электронды төлем жүйесі іске қосылды. Барлық автобустар цифрлық жүйелер және GPS қондырғылармен жабдықталды. Бұған і-Kolik мобилді қосымшаны әзірлеп, қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді. Қосымша арқылы тұрғындар қоғамдық көліктің қозғалысы жайлы ақпарат алып, өзіне қажет автобустың қайда келе жатқанын көре алады.

Кептелісті азайту мақсатында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Биыл 311 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 270 шақырымы пайдалануға беріліп отыр.
Қала әкімі жаңа автобустардың халық игілігіне пайдалануға берілуі тұрғындар үшін үлкен қуаныш екенін айта келе, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
«Шаһарда қоғамдық көлік желісін дамыту кешенді схемасы бекітілді. Соның нәтижесінде бірқатар бағыттар оңтайландырылып, жаңа маршруттар іске қосылды. Кептелісті азайту мақсатында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта тұрғындардың игілігі үшін қоғамдық көлік жүйесі мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаса береді», деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бүгін тұрғындар игілігіне берілген автобустар №17, №21, №42, №113, №133, №158, №182 және №43, №54, №66, №71 жаңа бағыттарда қызмет көрсететін болады. Олардың орнындағы автобустар №2, №10, №11, №15, №16, №20, №23, №45, №52, №61, №70, №75, №96, №108, №114, №139, №171, №171а, №180, №191 маршруттарына бағытталады.