Президент • 10 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы ЕАЭО аумағында микрочип өндірісін құруды ұсынды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне көлік жасау саласына арналған бірлескен микрочип өндірісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы ЕАЭО аумағында микрочип өндірісін құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Цифрлық өнімдер мен электрон қызметтерге теңдессіз сұраныс үшінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте, оның айтуынша, эксклюзив және инновациялық-технологиялық шешімдер үшін ғана емес, сондай-ақ қарапайым цифрлық шығыс материалдары үшін де күрес жүріп жатыр.

«Бүгінде машина жасаудың әлемдік нарығында микрочиптер мен компьютерлік элементтердің болмауына байланысты жүйелі іркілістер байқалады. Біздің елдеріміздің көлік жасау салалары да ерекшелік емес.

Үкіметтерімізге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен көлік жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер өндіру жөніндегі бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру мәселесін пысықтауды тапсыру ұсынылады», деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.