Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021

Арыста Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті орнатылды

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласының Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Арыста Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті орнатылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен Алматыдан арнайы келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Айтулы оқиғаның куәгерлері алдында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ұлы композитор туралы сөз қозғап, іс-шара қонақтарына ізгі тілегін айтты.

1

Іс-шара қалалық мәдениет Үйінің ұжымдары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен көркемделді.

Ескерткіш-бюстің авторы - Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ол бұл ескерткішті туған өлкесінің 65 жылдығына орай қала тұрғындарына тарту етті.

Айта кетсек, әйгілі композитордың құрметіне ашылған ескерткіштің жанына «Шәмшінің бұрышы» да орналастырылды.

74

Соңғы жаңалықтар

Ұстаздық ғұмыр белесі

Ұстаз • Бүгін, 08:43

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Әділеттілік тұжырымдамасы

Референдум • Бүгін, 08:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Референдум • Бүгін, 08:13