Осы күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында теннистен ITF сериясының кезекті турнирі өтіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Оған бірнеше елдің өкілдері қатысуда. Соның ішінде турнирге біздің ел атынан қатысқан теннисші Зарина Диас жарыстың алғашқы күні Қытай елінің қызы Яфань Ванды 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Енді ол екінші кезеңде тағы бір қытайлық теннисшімен кездеседі. Айта кететін нәрсе, осы турнирде Зарина Диас бірінші ракетка болып саналады. Қазір ол WTA рейтингінде 118-ші, ал оның келесі кезеңдегі қарсыласы Шилинь Сюдің Халықаралық теннис федерациясының тізімінде 553 орында тұр.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз:www.ktf.kz.
Фото: www.ktf.kz.

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше