Әлем • 12 Желтоқсан, 2021

Польша шекарасына босқындар шабуыл жасады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтензаңсыз келген мигранттар шекараға шабуыл жасаған. Шабуыл кезінде поляк сарбазы жараланды, деп жазады Egemen.kz.

Польша шекарасына босқындар шабуыл жасады

«Бүгін Черемши ауданындағы поляк-белорус шекарасы учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиді. Сол жерде оған көмек көрсетілді», делінген поляк тарабы таратқан хабарламада.

Шекара күзетінің өкілі Анна Михалскаяның айтуынша, мигранттар тобы шекарадан өткен. Алайда, босқындардың бәрі ұсталып, қайта шекараға жеткізілген.

Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық деректі тіркеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай заңсыз әрекет анықталған.