Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді.
«Отан» орденімен жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Баймаханов, «Bazis Holding Сompany» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды.
І дәрежелі «Барыс» орденімен «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры В.Валиев, «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті А.Есенжолов, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Т.Есполов, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Н.Абықаев, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры А.Қоразбаев, ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы А.Машкевич, Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Қ.Сұлтанов, Т.Сүлейменов, З.Федотова; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, «Концерн TNS-group» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Т.Жұмағұлов, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері Н.Ыхтымбаев, ақын әрі жазушы В.Михайлов, «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК мұғалімі Н.Покидова, «Саутс-Ойл» ЖШС президенті С.Сейтжанов, «Alanda Clinic» ЖШС директорының орынбасары С.Тоқпанов, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, еңбек ардагері Ә.Тұяқов; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мәдениеттанушы К.Абаев, «Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы» РМК бас директоры Б.Әлжанов, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е.Бахмутова, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ атқарушы директоры Қ.Жұмабаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, «Монтажспецстрой» компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е.Ежиков-Бабаханов, «Қазақстан жазушылар Одағы» РҚБ төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын Х.Есенқарақызы, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Есілов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМКК әртісі Н.Нүсіпжанов, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Э.Огай, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры К.Ормантаев, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахимбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Е.Сергебаев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Е.Сыдықов, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, «Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде театр және кино әртістері: М.Әжібеков, Ж.Құрманбеков, Л.Крючкова, режиссер Д.Өмірбаев, өнертанушы Е.Резникова және басқалар бар. «Қазақстанның еңбек сіңірген» ұстазы құрметті атағы «Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы» облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп» ММ мұғалімі Д.Төрехановаға берілді.
Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Б.Әбділманов, «Ершовское-2» ЖШС директоры С.Ағайдаров, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т.Жұртбай, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры О.Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, жазушы З.Наурызбаева, «Альтаир» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы М.Ломтадзе ие болды.
«Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде шахматшы Ж.Әбдімәлік, «Астана Опера» «Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ бас дирижері А.Бөрібаев, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі А.Есләмова, «Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы» ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев, Жамбыл облысының «И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Н.Қаймалақова, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҰЗИ» РМК лабораториясының меңгерушісі А.Наханов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат балқытушысы В.Пастух, Павлодар қалалық «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» ММ директоры Қ.Құспекова, Шымкент қалалық «№1 қалалық клиникалық аурухана» МҚК дәрігері Ж.Сүйгенбаев, режиссер Қ.Омаров бар.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.